Аллаһу та'ала иман еткендерге жылына бір рет рамазан айында ораза ұстауды әмір еткен. Хақ та’ала бұл әмірді себепсіз бермеген. Ораза адамдарға әрі материалды, әрі рухани пайда беруде. Бір жыл бойы түрлі тағамдарды қорту үшін шаршаған адамның асқазаны және ішектері жылына бір рет демалып, өзінің саулығын сақтаған болады.
Сұрақ: Рамазан айының құндылығы қандай?
Жауап: Рамазан айының құндылығы туралы Имам Раббани хазреттері былай деген:
Мүбәрәк Рамазан айы өте қасиетті, мәртебелі. Бұл айда жасалған нәпіл намаз, зікір, садақа...
Бақыт айы, мейірім айы, кешірім айы болған қасиетті Рамазан айы басталды...
Бәрімізді қасиетті Рамазан айының шапағаты мен берекесіне қауышқан, Рамазан айында кешірілген және тозақтан азат етілген пенделерінен етуін Хақ та’аладан тілейміз.
Дін бауырларымызға қайырлы өмір, жақсы мінез-құлық, сәлим ақыл, зор денсаулық, берік иман, тура жол және рушду хидаят ихсан етуін Раббымыздан тілейміз.
Мәкрух болатындар мыналар:
1) Тістерді тіс пастасымен тазалау, пастасыз болса мәкрух болмайды.
2) Дәрімен тамақты (ауызды) шаю мәкрух. Егер ауыздағы жара намаз оқуға кедергі болса, дәрімен ауыз шаю мәкрух болмайды, өйткені үзір бар.
3) Жүніп болу ықтималы бар кезде әйелін сүю.
4) Рамазан күні инемен дәрі (укол) қабылдау немесе өз қалауымен ауыз толтырып құсу сияқты бір себеппен ораза бұзылса, сапардағы жолаушы өз қаласына келсе, әйелдің етеккірі (хайзы) тоқтаса кешке дейін ораза ұстаған адамдай ешнәрсе жемей жүрулері керек, ішіп-жеулері мәкрух болады.
Сұрақ: Сапарда жүрген адамға Рамазан оразасы парыз ба?
Жауап: Иә, бірақ қазаға қалдыруы жаиз болады.
Сұрақ: Сапарда ораза ұстау міндетті емес болғанына қарағанда, Рамазан оразасын ұстаған адам нәпіл сауабын алады ма?
Жауап: Сафари (жолаушы) болған адам Рамазан оразасын ұстаса парыз сауабын алады.
Ораза – тек аштық пен шөлдеу деген сөз емес. Бір жануарды немесе сенбейтін адамды бір бөлмеге қамап, аш-сусыз қалдырумен оған ораза ұстатқызған болмаймыз. Оразаның сабыр, шүкір, нәпіс тәрбиесі сияқты басқа ғибадаттармен байланысы бар. Осы себептен хадис шәрифте «Әр нәрсенің есігі бар. Ал ғибадаттардың есігі – ораза» делінген. (Ибн Мүбәрәк)
Жүйке жүйесінің денедегі орны өте маңызды. Тіл жүйкелері сал болған адам сөйлей алмайды. Аяқтағы жүйкелер сал болса, адам жүре алмайды. Жүйкеміздің бұзылу шамасында өмірімізге аз немесе көп қауіп төнеді. Жүйкесі бұзылған адам мазасыз болады, сабыр ете алмайды. Қоғамдағы ұрыс-керістердің, қылмыстардың көбі жүйкесі жұқа болудан, сабырсыздықтан туындауда. «Ораза сабырдың, ал сабыр иманның жартысы» деген хадис шәриф ораза ұстаған адамның сабырлы екенін білдіруде. (Әбу Нуайм)
Тарауих намазы еркектерге де әйелдерге де сүннет болған намаз. Тарауих намазы Рамазан айының әр кешiнде оқылады. Жамағатпен оқылуы кифая сүннет. Оқылатын уақыты құптанның соңғы сүннетімен уiтiр намазының арасы. Мәселен тарауих намазының бiр бөлiгiне үлгерген адам имаммен бiрге уiтiр намазын оқып болған соң тарауих намазының қалған бөлiгiн оқып толықтырады. Уақытында оқылмай қалған тарауих намазының қазасы оқылмайды. Қаза етiлiп оқылса тарауих намазы емес нәпiл намазы болады. Тарауих намазы жиырма рәкаттан тұрады.
Сұрақ: Асқазаны толығымен алынған адам ораза ұстай алады ма?
Жауап: Маман дәрігерлер ораза ұстауының ешқандай зияны жоқ екендігін айтуда.
Ораза және фидйа
Сұрақ: Ораза ұстай алмайтындай дәрежеде кәрі немесе ауру адам ораза ұстай алмайтын болса, не істеуі керек?
Жауап: Қатты қартайып, қайтыс болғанға дейін Рамазан оразасын немесе қаза оразаларын ұстай алмайтын қарт немесе жазылып кетуінен үміт үзілген науқас ораза ұстамайды, кедей болмаса фидйа береді. Бір хадис шәрифте: «Ораза ұстай алмайтындай кәрі немесе жазылып кетуіне үміт қалмаған науқас адамдар фидйа береді» делінген. (Нәсаи)
Сұрақ: Мен намаз оқитын, ораза ұстайтын және харамдардан сақтануға тырысатын әйелмін. Бірақ оранбағанмын. Екі топ адамдар маған тиіседі. Бір бөлігі былай дейді: Басың ашық болғандықтан ешбір ғибадатың өтпейді, босқа әуре болма, бекерге ғибадат жасама. Ислам діні бір бүтін, оны толығымен ұстану керек.
Бір бөлігіне де ғайбат айтпаңдар, арақ-шарап ішпеңдер, өтірік айтпаңдар деген сияқты сөздер айтқан кезімде, сен де басыңды ашып жүрсің ғой, дейді. Бұлардың мені осылай сынағандары дұрыс па?
Жауап: Әрине дұрыс емес. Өкінішке орай күнімізде «Не толық істе, не мүлдем істеме» дегендей көзқарас бар. Мәселен «Намаз оқымасаң ораза тұтпа», «Намаз оқымасаң күнә істей бер» дегендей пікірлер белең алған. Дінімізде иман «Не бар болады, не жоқ болады». Яғни иманның азы, көбі болмайды. Иман не бар болады, не жоқ болады.